Ссылки доступа

Тәлібтер тәжік шекарашыларымен қақтығысты


Тәжікстан МҰҚК тәжік-ауған шекарасында болған қарулы қақтығыстан әскери қызметкер Сухроб Сафоловтың қаза тапқанын хабарлады.

9 адамнан тұратын топты жою операциясы барысында ос топтың мүшесі мулло Фасхиддин валади Курбон өліп, тағы бір содыр жараланған.

Ауғнастандағы жергілікті билік 5 наурызда Тәжікстан шекарашыларымен «Пяндж» шекара отрядының аумағында қақтығысқандардың Талибан экстремистік қозғалысына қарайтынын хабарлаған.

Имам-Сахиб уезінің әкімшілік басшысы Амонуддин Курайши Ауғанстанның Тәжікстанмен шекаралас бұл бөлігін Талибан қозғалысының содырлары бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір экстремистік қозғалыс содырлары Құндыз провинциясындағы Имам-Сахиб уезі аумағының 30%-ға жуық бөлігін ұстап отыр.

XS
SM
MD
LG