Ссылки доступа

Назарбаевтың McDonald's-қа баруын инвесторларға шақыру ретінде түсіндірді


Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Нұрсұлтан Назарбаев McDonald's-қа бару арқылы шетелдік инвесторларды Қазақстан экономикасына ақша салуға шақырғысы келгені туралы мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде президент Назарбаевтың Астанада ашылатын тез тамақтану мейрамханасына баруын фастфудқа көшуге шақыру ретінде бағаланды. Қазақстан билігі бұл мейрамхананың желісі болашақта 20 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді деп санайды.

Бұған дейін McDonald's-тың қазақстандық филиалын «жергілікті бизнесмен және Қазақстан президентінің құдасы Қайрат Боранбаев» басқарады делінген еді. Қайрат Боранбаев бұрын елдегі газ саласында жұмыс істеген және оның қызы Нұрсұлтан Назарбаевтың немересіне күйеуге шыққан.

XS
SM
MD
LG