Ссылки доступа

Донецкіден Ресейге ресейлік сарбаздардың денесі жеткізілді


Украинаның Донецк қаласынан Ресейге осы елдің 15 солдатының мәйіті жеткізілген.

Бұл жөнінде "Украинская правда" газеті Украина қорғаныс министрлігінің барлау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. Ресей солдаттарының сүйектері Донецк облыстық ауруханасы мәйітханасынан 4 наурыз күні әкетілген. Украина барлауы сепаратистер жаулап алған Донбаста "3-жеке атқыштар бригадасының командирі қызметін Ресей генералы Игорь Тимофеев атқарып отырғанын хабарлаған.

Ол Украинада Соколов деген бүркеншік фамилиямен жұмыс істейді.

Ресей болса, Украинадағы қақтығысқа қатысын әлі теріске шығарып келеді.

XS
SM
MD
LG