Ссылки доступа

Қырғызстан мен Тайланд югралықтар үшін танымал туристік аймаққа айналды


Таяу және алыс елдердің арасында Қырғызстан мен Таиланд югралықтар үшін (Ресейдің Ханты-Мансий автономды округы) ең танымал әуе бағыты болып есептеледі. Бұл жөнінде "ЮграPRO" ақпарат агенттігі хабарлайды.

2016 жылдың қаңтар айындағы ақпаратқа сәйкес, Сургут әуежайынан Бангкокқа 3590 адам ұшқан. Жақын елдерден "Сургут – Худжанд (Тәжікстан)" әуебағыты ең танымал. Онда 1801 жолаушы ұшса, әрі қарай Ош – 1369, Бішкек – 1032, Баку (Әзербайжан) – 482 жолаушы қатынаған. Жалпы сан бойынша Қырғызстан (2401 жолаушы) алда келеді. Аталған агенттік Ресейдің солтүстік аймақтарында негізгі мигранттар Тәжікстан, Әзербайжан және Қырғызстан азаматтары екенін айтады.

XS
SM
MD
LG