Ссылки доступа

Өзбек боксшысы Чагаев әлем чемпионы титулынан айырылды


Аустралиялық боксшы Лукас Браун осы елдің ауыр салмақта әлем чемпионы титулын жеңіп алған бірінші өкілі болды. Ол 10-техникалық раундта қарсыласы өзбек боксшысы Руслан Чагаевты жеңді.

Жекпе-жек Шешенстан астанасы Грозный қаласында өтті. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров бұрыннан бері Чагаевтың жанкүйері болып табылады. Өзбек спортшысы өте қымбат көлікпен келді. Оны қаруланған шешен азаматтары қоршап жүрді.

Чагаев 2014 жылы WBA титулын жеңіп алған. Ол осыған дейін 2009 жылы украиндық Владимир Кличкодан және 2011 жылы Александр Поветкиннен жеңіліп қалған.

XS
SM
MD
LG