Ссылки доступа

БҰҰ ЕО мен Түркия арасындағы босқындар жөніндегі келісімді сынға алды


Таяу Шығыс елдері мен Африкадан Еуропаға барған босқындарды елдеріне қайтару жөніндегі Еуроодақ пен Түркияның алдын ала келісімі халықаралық ұйымдар тарапынан сынға қалды.

БҰҰ босқындар ісі жөніндегі мекеменің ескертуі бойынша, мигранттарды жаппай көшіру халықаралық заңда тыйым салынған. БҰҰ босқындар ісі жөніндегі еуропалық бюро директоры Венсан Коштель заңсыз мигранттар туралы мәселені айта-айта шаршадық деп мәлімдеді. Ол Греция аймағындағы босқындардың 91 пайызы – Ирак, Сирия және Ауғанстан секілді қарулы қақтығысқа айналған елдерден келген.

Брюссель мен Анкара жоспарлап отырған келісімді Amnesty International халықаралық ұйымы да сынға алды. Олардың пікірінше, тараптар адам құқығына жат, қазіргі жағдайды ескермейтін, адамгершілікке жатпайтын деңгейге түсіп кетті.

7 наурызда Брюссельде Түркия мен ЕО Еуропадағы мигранттарды барынша азайту жөнінде алдын ала келісімге қол жеткізген болатын. Онда Еуропалық лидерлер маусым айының соңында Түркия азаматтарына визасыз режим енгізіп, Анкараны қаржыландыруды көбейтіп, соның есебіне Еуропадағы заңсыз мигранттарды Түркияға жіберу жөніне келісімге келген.

XS
SM
MD
LG