Ссылки доступа

АҚШ вице-президенті Савченконы босатуға шақырды


АҚШ вице-президенті Джозеф Байден Ресейді украиналық ұшқыш Надежда Савченкоға таққан барлық айыбынан бас тартып, оны тез босатуға шақырды.

Ол АҚШ мемлекеттік департаменті сайтында жариялаған мәлімдемесінде украиналық ұшқыштың Ресей түрмесіне заңсыз қамалып, жалған айыппен сотқа тартылғанын айтқан.

Байден мәлімдемесінде соңғы 20 айда Савченконың украина халқының мақтаныш пен күшінің символына айналғанын, ол тіптен түрмеде отырып, Радаға депутат болып сайланғанын еске салған.

"Надежда үйіне отбасына және достарына оралып, жаңа Украинаны жасақтау үшін Жоғарғы Рада депутаттарының қатарына қосылуға тиіс", – деп атап өткен Байден.

Савченко 3 наурыздан бері, сот соңғы сөзін айтуға рұқсат бермей қойғаннан бері нәр татпай аштық жариялап жатыр. Ол өзін күштеп тамақтандыруға тыйым салатынын мәлімдеген, бірақ адвокаттардың айтуынша, Ресей заңдары бойынша адамның мұндай жолмен өлуіне жол берілмейді.

Жексенбі күні Савченконың адвокаты Марк Фейгин Украинаның "Новое время" газетіне наурыздың соңы мен сәуірдің басында Савченконы Украинаға беруі, оны Ресейдің Украинада қамалған екі азаматы, тыңшылар Александр Александров пен Евгений Ерофеевке айырбастауы мүмкін екенін хабарлаған.

Надежда Савченко Ресей тағып отырған айыптарды мойындамайды. Оны ресейлік екі тілшінің өліміне қатысты айыптаған. Савченко өзін отанына дереу қайтаруды талап етеді. Бұған дейін ол бірнеше рет аштық жариялаған еді.

XS
SM
MD
LG