Ссылки доступа

Милиционерлер әйелді күштеп көлік багажына салмақшы болған (видео)


Видеода бейнеленгендей, милияның екі қызметкері әйелді күштеп, көлікке сүйреп апарады. Сосын біреуі ақ түсті Nexia көлігінің жүк салғышын ашады. Бірақ бір дегеннен олар әйелді багажға сала алмайды, себебі әйел айқайлап, жерге құлап түседі. Құқық қорғау қызметкерлері оны тұрғызып, қайтадан салмақшы болады. Бірақ күштері жетпейді.

Аталған видео авторы виза беру және тіркеу бөлімі ғимаратының жанындағы оқиғаның куәсі болғанын айтады. "Әйел айқайлғаннан кейін, адамдар жинала бастады. Содан кейін милиция қызметкерлері оны багажға сала алмады. Кейінірек, ол әйелдің қайыр сұрап жүргенін білдім. Басында оның баласын менттер тартып алған екен, сол себептен әйел айқайлаған екен", – дейді Өзбекстанның Самарканд қаласынан мобилді тілші.

Алайда милиция қызметкерлері бұл оқиғаны түгелімен жоққа шығарады. "Ондай оқиға виза беру және тіркеу бөлімінің алдында болған емес", – деді Самарқанда облысы ішкі істер басқармасының өкілі.

Бірақ автор видеодағы планда виза беру және тіркеу мекемесі екенін, оның арты ішкі істер басқармасы, ал оң жағында қонақ үй орналасқанын айтады.

В Самарканде милиционеры избили женщину и пытались уложить ее в багажник автомобиля
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:14 0:00

XS
SM
MD
LG