Ссылки доступа

Савченко соттағы соңғы сөзін айтады


Бүгін украин әскери қызметшісі Надежда Савченко өзін Луганскіде екі ресейлік журналисті өлтірді және шекарадан заңсыз өтті деп айыптаған Ресейдің Донецк қалалық сотында соңғы сөзін айтады.

Оның адвокаты Николай ПолозовTwitter-ге Савченконың жүрегі ауырып жатқанын жазды. Мұның алдында қорғаушылары Савченконың құрғақ аштық жариялауына байланысты, сотта сөйлеуге шамасы келмей ме деп қауіптенген еді. .

Надежда Савченконың соттағы соңғы сөзінің мәтіні 3 наурызда сот оған сөйлеуге мүмкіндік бермей, отырысты 9 наурызға қалдырған соң, интернетте жарияланған еді. Бұған наразылық танытқан укарин әскери қызметшісі құрғақ аштық жариялады. Савченко өзі ұсталған 2014 жылдың жазынан бері бірнеше мәрте аштық жариялап келеді. Ол өзіне тағылған айыптың бәрін жоққа шығарып, Украинаға қайтарылуын талап етеді. 7 наурыздан бастап Украина мен Ресейдің қалаларында және тағы бірнеше елде Савченконы бірден босатуды талап еткен наразылық шаралары өтуде.

XS
SM
MD
LG