Svt.se телеарнасы оның Швеция аумағында саяси босқын ретінде тұрған белгілі өзбек имамы Обидхон қари Назаровты өлтіруді ұйымдастырды деп күдіктелетінін хабарлады.
Өзбек имамына жасалған қастандық ісін тексеріп жатқан прокурор Кристер Петерсон Іздеудегі адамның Ресей аумағында тығылуы мүмкін екенін мәлімдеген. Петерсон күдікті ұсталған жағдайда оның елге әкелудің оңай болматынын және ұзаққа созылатынын ескертті.
Бұған дейін Аминовтың есімі Түркияда өлтірілген Абдулла Бухари деген атпен танымал болған Мирзаголиб Хамидовтың өліміне қатысты сотта да аталған еді.
Түріктің белді басылымы Yeni Shafak «Атқышқа 200 мың доллар» дейтін мақаласында «Тигран Капланов» деген лақап атпен белгілі Умид Аминовтың Өзбекстандағы діни және зайырлы оппозиция жетекшілеріне қарсы бірқатар қастандық ұйымдастырғанын жазды.
Швед соты іздеу жарияланған Тигран Каплановтың қастандық жасаған Юрий Жуковскийдің банктегі есепшотына ақша аударғаны туралы мәліметті анықтағысы келеді.
Биылғы жылдың 1 наурызында Сундсваль қаласының соты Юрий Жуковскийді өзбек имамы Обидхона қари Назаровты өлтірді деп танып, өмір бойы түрмеде отыру жазасына кескен болатын.