Ссылки доступа

Ингушетияда "Азаптаудың алдын алу комитеті" кеңсесіне шабуыл жасалды


Комитеттің қызметкері Дмитрий Уткин Твиттердегі парақшасына бақылау камерасына түсіп қалған видеоны көрсетті. Онда беттеріне маска киген, қолдарына автомат ұстаған азаматтық киімдегі адамдар комитетке басып кірген. Белгілі болғандай олар бес жеңіл көлікпен келген. Олардың біреуі кіреберістегі видеокамераны сындырған.

​Алдын сәрсенбі күні Ингушетияда Шешенстанмен әкімшілік шекарада жиырма шақты адам комитеттің микроавтобусына шабуыл жасаған еді. Көліктің ішіндегілер зардап шегіп, олардың төртеуі ауруханаға жатқызылған.

Уткиннің дерегінше, топтың құрамында норвегиялық журналист Оештейн Виндстад, Швециядан келген журналист Лена Мария Перссон Лоефген, The New Times тілшісі Александрина Елагина, "Медиазона" тілшісі Егор Сковород, Нижний Новгород журналистері Антон Прусаков пен Михаил Солунин, екі құқық қорғаушы Иван Жильцов пен Екатерина Ванслова және жүргізуші Башир Плиев болған.

Комитет мүшесі Олег Хабибрахманов "Йод" сайтына негізінен шетелдік журналистер зардап шекті деп жазып, біз үндемей қалмаймыз, РФ президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі Кеңеске және шетелдік елшіліктерге шағымданатындықтарын ескерткен.

XS
SM
MD
LG