Ссылки доступа

Еуроодақ Ресей азаматтары мен ұйымдарына қатысты санкцияларды созды


Еуроодақ елдерінің елшілері Ресейдің 146 азаматы мен 37 ұйымының активтерін бұғаттау және оларға виза беруге тыйым салу мерзімін ұзартты.

Аталған жеке және заңды тұлғалар Ресейдің Қырымды тартып алуынан пайда көрген немесе Украинаның тұтастығына қарсы қарсы әрекеттер үшін жауапты саналады.

6 айға созылатын санкциялар тізімінде Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин, Ресей президентінің кеңесшісі Сергей Глазьев және Кремльдің басты насихатшысы ретінде есептелетін Дмитрий Киселевтер бар.

Нысандар қатарына Кырымдағы бірқатар кәсіпорын мен Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистер құрған түрлі батальондарды қосқан.

Соңғы кездері қайтыс болған үш адам тізімнен алынып тасталды. Олардың ішінде биылғы жылдың басында аяқ астынан көз жұмған РФ Бас штабының Бас Барлау басқармасының бұрынғы директоры генерал-полковник Игорь Сергун бар.

Шешім апта соңында күшіне енеді. Бұған дейін Құрама Штаттар осындай санкциялар мерзімін ұзартқанын хабарлаған еді. Басты экономикалық санкциялар Ресейдің энерегтика және банк саласына қарсы енгізілген және шілденің аяғына дейін күшінде болады.

XS
SM
MD
LG