Ссылки доступа

Өзбек әйел үнді түрмесінде босанды


Press Trust of India басылымы Үндістанда визасы болмағаны үшін түрмеге қамалған өзбек әйелі босанды деп хабарлайды.

Бхопал түрмесінде отырған Өзбекстан азаматшасы қыз баланы дүниеге әкелген.

35 жастағы өзбек әйелі былтыр елге визасыз келгені үшін тұтқындалған. Джураева Барно есімді әйел Джадхеди қаласының төңірегінде ұсталып 2015 жылдың 9 желтоқсанында қамалған.

Толғақ қысқан әйелді 5 наурызда ауруханаға әкелген соң, келесі күні ол босанған. Түрмеге қамалғанда Барно алты айлық екіқабат болған.

Полицияның дерегінше, ол Үндістанға Непалдан жаяу келген. 6 желтоқсанда өзіне көмектесуге уәде еткен адаммен кездесу үшін Бхопалға жеткен. Қазір жас ана сот шешімін күтіп отыр.

XS
SM
MD
LG