Ссылки доступа

Тәжікстанда Рогунның бір топ тұрғыны ұсталды


Милиция тәжік астанасынан 90 шақырым жердегі Рогун қаласының бір топ тұрғынын ұстап, Душанбе қаласындағы Фирдауси аудандық ІІБ-не жеткізген. Олардың не үшін ұсталғаны белгісіз.

Ұсталғандардың туыстарының айтуынша, милиция кемінде 15 адамды әкеткен. 9 науырз күні таңертең жас жігіттердің Рогун қаласының Калаи Нав елді мекенінен келген туыстары Фирдауси аудандық ІІБ-нің алдына жиналып, ұсталғандарды босатуды талап еткен.

Ұсталғандардың саны қанша екені туралы әлі еш дерек жоқ, бірақ жақындары олардың қарасы оншақты екенін айтады. Жас жігіттердің жақындары оларды намазды "салафиттік" мәнерде оқығаны үшін ұстаған-мыс деп отыр. Оларды соңғы он күнде негізінен 8 наурызда жергілікті мешіттен ұстап әкеткен. Қамалғандардың ішінде Калаи Нав елді мекенінің имам-хатибы және дәрігер бар. Рогун қалалық әкімшілігіндегі дереккөз Калаи Нав елді мекенінің 25 тұрғыны ұсталғанын, олардың арасында имам-хатиб Муборакшо Хасанов пен ауыл дәрігері Фазлиддин Гадоевтың бар екенін хабарлады.

Қазір діни істер жөніндегі Комитеттің Рогундағы бас маманы Муминшо Тоиров ұсталғандардың ісіне байланысты билік орындарымен байланыс ұстап отыр. Тәжікстан ІІМ баспасөз орталығының бастығы Джалолиддин Садриддин 9 наурызда әзірге қамауға алынғандардың қайсына айып тағылатыны белгісіз екенін мәлімдеді.

ӘӘМ баспасөз хатшысы сонымен бірге тәртіп сақшыларының ешкімді негізсіз тұтқындамайтынын айтты. “Салафиттік көзқарасты ұстанатын, өзін осы ағымның өкілі секілді ұстайтын кез келген адам ұсталатын болады. Тұрғындар Жоғарғы соттың 2009 жылғы шешімімен бұл ағымның қызметіне тыйым салынғанын білуі тиіс".

Калаи Нав елді мекенінің тұрғындары балаларын Тәжікстанда тыйым салынған ұйымның идеяларын қолдайды деген күдікпен ұсталғанын айтады.

XS
SM
MD
LG