Ссылки доступа

Ирак күрдтері: ИМ «улаушы заттарды» қолдануда


Ирак күрдтерінің өкілдері «Ислам мемлекеті» содырларын елдің солтүстігіндегі ауылды «улайтын заттармен» атқылағаны үшін айыптады.

Хабарламада Киркуктың іргесіндегі түркімен-шииттер тұратын ауылды химиялық заттармен толтырылған снарядтармен атқылағаны жайлы айтылады. Нәтижесінде тыныс алуы қиындаған және терісі күйген қырықтан астам тыныс ауруханаға жатқызылған. Тұрғындар арасында өлім-жітім болмаған.

Күрд еріктілерінің қолбасшысы барлығы 24 снаярд пен зымыранның түскенін хабарлады. Бұдан бір күн бұрын сириялық күрдтер президент Башар Асадтың күштерімен соғысып жатқан осы ұйымның экстремистері мен өзге де террорлық топ содырларын Алеппо іргесіндегі елді мекендерді шабуылдау барысында химиялық заттарды қолданды деп айыптаған еді.

XS
SM
MD
LG