Ссылки доступа

Мәскеуде сәбиді өлтірген күтуші әйелді психиатриялық ауруханаға жатқызды


Мәскеуде кішкентай сәбиді қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Гульчехра Бобокулованы тергеу изоляторының психиатриялық бөліміне жатқызды. Бұл жөнінде РИА Новости агенттігі құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еске сала кетейік, 29 ақпанда куәгерлер "Октябрьское поле" метро станциясының жанында қолында сәбидің кесілген басы бар, қара киінген әйелдің жүргенін айтқан. Интернетте жарияланған видеода "Мен демократияны жек көремін. Мен террористпін! Мен сендердің өлімдеріңмін! Қаншама ананы өлтірдіңдер! Қараңыздар, мен жанкештімін" деп айқайлағаны көрінеді.

Алдын Народного ополчения көшесіндегі өртенген пәтерді сөндіріп, ішінен басы кесілген сәбидің денесін табады. Сол кезде ұсталған әйелдің кішкентай баланың күтушісі болғаны анықталады.

Өзбекстанның ресми органы Бобокулованы өз елінде 2002 жылдан бері психоневрологиялық диспансерде "шизофрения" диагнозымен тіркелгенін хабарлады. Оның ауруы жөнінде ресейлік билік те, РФ тергеу комитеті де айтты.

4 наурызда Гульчехра Бобокуловаға кішкентай сәбиді өлтірді деген айып тағылды. Алдын дереккөздер оны бірнеше бап бойынша айыптайтынын, соның ішінде қауіпсіздік қызметі әйелдің террористермен байланысы барын анықтап жатыр деген болатын.

XS
SM
MD
LG