Ссылки доступа

Тәжікстанда намаз оқуда күдікке ілінгендер ұсталып жатыр (видео)


Тәжікстанның ішкі істер министрлігі ресми сайтында Рогун тұрғындарының ұсталғандықтары жөнінде түсініктеме берді.

Онда радикалды және экстремистік топтарға қатысы бар деген күдікпен Рогунның бірнеше тұрғындары ұсталғанын, ал кейбірі куәгер ретінде ішкі істер органдарына шақырылғаны жазылған.

Сонымен бірге ТР ІІМ ұсталғандардың туыстарының Фирдавси ауданындағы тергеу мекемесіне жиналмауын ескертеді. Мұндай жиындарға заңмен тыйым салынғандығы айтылған.

Алдын Рогунның бірнеше тұрғындары ұсталып, Душанбе қаласындағы Фирдавси ауданының ішкі істер басқармасына жеткізілген. 9 наурыз күні таңертең Рогун қаласының Калъаи Нав елді мекенінен ұсталғандардың туыстары келіп, олардың босатылуын талап еткен.

Жас азаматтардың туыстары оларды намазды оқу мәнері "салафит" ағымына ұқсайды деп алып кеткенін айтады. Оларды 8 наурыз күні жергілікті мешіттен ұстаған. Ұсталғандардың ішінде Калъаи Нав елді мекенінің имам-хатибі және дәрігері бар. Дереккөздің айтуынша, бар-жоғы 25 адам тұтқындалған.

Алдын ТР ІІМ баспасөз орталығы жастардың радикалды экстремистік топтарға қосылудың алдын алу үшін "Белсенділер" тобы ұйымдастырылу ұсынылғаны, онда Тәжікстанның көпшілік мұсылмандары ұстанатын ханафит ілімін үйрететінін, намаз оқу мәнеріне ден қоятынын мәлімдеген болатын.

Задержана группа жителей Рогуна
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:14 0:00


XS
SM
MD
LG