Ссылки доступа

Тәжік президентінің көмекшісі БҰҰ өкілінің мәлімдемесіне үн қатты


Тәжікстан президентінің көмекшісі БҰҰ-ның сөз бостандығы жөніндегі Арнайы баяндамашысының мәлімдемесіне орай, Дзвид Кейге осылай сөйлердің алдында ойланып алуы керектігін ескертті.

Махмадали Ватанзода Конституцияны өзгерту туралы референдум - «Тәжікстандағы саяси шара екенін және заң мен халықтың еркімен өткізілетінін» мәлімдеді. Ол БҰҰ-ның өкілі референдум өткізу қажеттігін білмесе, оның жеке басының шаруасы екенін айтты. Ватанзоданың сөзінше, «референдумның маңызы туралы халыққа түсіндірілді, оның өтетін күні белгіленген және халықтың өзі осы референдумды қалаған».

Бұған дейін БҰҰ-ның сөз бостандығы жөніндегі Арнайы баяндамашысы Дзвид Кей Тәжікстанға жасаған сапары туралы Душанбеде өткізген баспасөз мәслихатында референдум өткізуге қатысты дайындық ешқандай пікірталас және талқылаусыз өтіп жатқандықтан, шараны мамырда өткізуге кеңес бермейтінін мәлімдеген еді. Ол сонымен бірге, Тәжікстанда оппозициялық партияларға, азаматтық қоғам мен ақпарат құралдарына қарсы шектеулер мен қысымның күшейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді. Бұдан бөлек, елде интернет сайттары мен мобильді байланыстардың бұғатталатынын еске салды.

XS
SM
MD
LG