Ссылки доступа

АҚШ Ресейдің елдегі америкалық ұйымдарды жауып жатқанын сынады


АҚШ мемлекеттік департаменті ресейлік прокуратураның Ресейдегі америкалық Ұлттық демократия институтының қызметін ұнамсыз деп тану туралы шешімін қатаң сынға алды.

Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде: «Біз ресейлік үкіметтің ҰДИ-ын «жағымсыз шетелдік ұйымдар» қатарына қосу туралы шешіміне алаңдаймыз. Біз Ұлттық демократия институты мен өзге де шетелдік ұйымдар Ресейге қауіп төндіріп тұр деген пікірді жоққа шығарамыз. ҰДИ билік құрылымдарының ашықтығы мен халыққа есеп беру идеясын қолдайды, яғни мұндай қағидалардан теріс айналып немесе оның таралуына кедергі келтіргенше, Ресейдің өзі де осындай мақсатты қолдауы керек еді»,-делінген.

Әрі қарай мәлімдемеде:«Ресейдегі азаматтық қоғамның қызметін шектеу арқылы, «жағымсыз» ұйымдар туралы заң барлық ресейлік азаматтардың бірлесу еркіндігі құқығына қол сұғады», - деп көрсетілген.

ҰДИ 1983 жылы АҚШ Конгрессінің шешімімен құрылған. Ол бюджеттің және мемлекеттік емес ұйымдардың қаржысына істейді.


XS
SM
MD
LG