Ссылки доступа

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі «өкінуде»


Бұған дейін өзіне тағылған айыптарды мойындамай келген бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов енді «өкініп», үкімді жеңілдетуді сұрап отыр.

Қарағандыда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов пен бірқатар жергілікті шенеуніктер және бизнесмендердің жемқорлық және қызмет бабын теріс пайдалану ісі бойынша сотталғандардың апелляциялық шағымын қарау аяқталуда.

Серік Ахметовтың қорғаушысы Николай Лесник қорғауындағы жанның соттан өзінің «шын көңілімен өкінгенін» және өз еркімен материалдық шығынды өтеп беруге дайын екенін ескеруді сұрап отырғанын жеткізді. Бұған дейін ол өзін кінәлі деп танудан бас тартып, «ешқандай қылмыс істемегенін» айтқан болатын.

Көптеген авдокат былтыр желтоқсанның ортасында 21 адамға шығарылған сот үкімін «дәйексіз және объективті емес» деп атаған еді. Бұл топтағы 11 адам түрмеге отырды, алтауына шартты жаза тағайындалды. Сот алқасы бүгін барлық дәйектерді зерттеп, шешім шығарады.

XS
SM
MD
LG