Ссылки доступа

АҚШ Қырғызстанның тігін өнеркәсібінің экспортына көмектеседі


Бұл туралы Қырғызстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елшілік өкілінің хабарлауынша, 2014 жылдан бері «USAID-тың бизнесті дамыту бастамасы» бағдарламасы аясында киім тігушілерге қолдау көрсетіліп келеді. Жоба өндірісті оңтайландыруға және өнімді өткізу үшін Еуропа мен ТМД-ның ірі сауда желілері және фирмалық дүкендеріне шығуға көмектеседі.

2015 жылдың ақпанында USAID сатумен айналысатын шетелдік компанияларды Қырғызстанның тігін өнеркәсібінің әлеуетімен таныстырған еді. Дүкендер желісінің өкілдері Қырғызстанның тігін саласының ауқымына, оның логистикаға аз шығын кететін, өзгерістерге тез бейімделетін, өнім өндірудегі тез икемделетін бәсекеге қабілеттіліктегі артықшылықтарына қайран қалған.

Кездесу нәтижесінде қырғыз өнім өндірушілері құны 1 миллион доллар болатын экспорттық тапсырысты орындаған. Қырғыз киімдері сатылып жатқан нарықтардағы әлеуетін арттырған соң, жоба Еуроодақ пен АҚШ-қа өнім экспорттауға күш жұмсайды деп көзделген.


XS
SM
MD
LG