Ссылки доступа

Тәжікстан халқына қаржылық сауаттылықты үйретеді


Дүниежүзілік банкі жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, Тәжікстан халқының 80 пайызы қаржы және несие жөнінде қарапайым ақпараттан хабарсыз болып шыққан.

Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) мен Бүкіләлемдік банк тобының мүшелері Тәжікстанның қаржы институтымен бірге халықтың қаржылық сауатына ашуға арналған арнайы бағдарламаны іске қоспақшы.

Тәжікстанның қаржылық сауаттылығына байланысты жүргізген зерттеу көрсеткендей, сауалнамаға жауап бергендердің 40 пайызы кірістерінің барлығын жұмсаймыз десе, жартысы ғана ақшаны сақтаймыз деген. 83 пайызы негізгі банк терминдерінен хабарсыз болып шықса, 90 пайызы несие тарихы жөніндегі бюроны ешқашан естімеген. Тек 40 пайызы ғана несие тарихы бюросы жөнінде ақпаратты білгілері келген.

Бағдарлама жергілікті тұрғындарға үй шаруашылығындағы және жеке қаржысын қалай басқаруды, қарыздың алдын алу және ақшаны қалай сақтау керектігі жөнінде үйретеді.


XS
SM
MD
LG