Ссылки доступа

Анкарадағы жарылыстың құрбаны 34 адамға жетті, ондаған адам жараланған


Өткен жексенбі күні кешкісін Анкара орталығында жарылыс болып 34 адам көз жұмса, 125 адам жарақат алған. Түрік билігінің ресми дерегі осындай.

Жарылыс астананың бас алаңыдағы Ататүрік саябағы жанындағы аялдамада орын алған. Түріктің NTV телеканалы хабарлағандай, автокөлік жарылуы мүмкін.

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу үкіметтің жедел отырысын өткізді.

Соңғы бес айдың ішінде адам өліміне әкелген жарылыстар осымен үшінші рет орын алып отыр. Үш апта бұрын Анкарада әскери көлікке шабуылдаған болатын. Шабуыл нәтижесінде 29 сарбаз қайтыс болды. Өткен жылдың қазан айында болған жанкештінің жасағанын шабуылынан жүзге жуық адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG