Ссылки доступа

Батыстық әріптестер Сирияға қатысты кеңес өткізді


АҚШ пен Франция Сирия президенті Башар Асад жүйесінің жақын болашақта елінде президент сайлауын өткізгісі келмейтінін арандатушылық мәлімдеме деп атады.

Жексенбі күні Парижде батыс одақтастарының кеңесі барысында Франция СІМ Жан-Марк Эйро мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Женева келіссөзі алдында Сирия билігінің жасаған мәлімдемесін арандатушылық деп атады. Эйро мен Керри Асад жақтастары Ресей мен Иран Дамаскіде соғысты болдырмауға күш салуы тиіс деді.

Парижде өткен кездесуге Ұлыбритания, Германия, Италия және Еуроодақтың өзге елдерінің өкілдері де қатысты.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров болса, Сириядан ығыстырылып жатқан ислам экстремистері Ливия, Йемен, Ауғанстанға белсенді түрде орнығып жатыр деп мәлімдеді. Лавров Мәскеу мен Вашингтон тек ғана ақпарат алмасып қоймай, терроризммен күресте бірлесіп жұмылу керек деп атап өтті.

XS
SM
MD
LG