Ссылки доступа

ФҚҚ Инстаграмнан Қадыровтың Касьяновты қорқытқанын таппады


Ресейдің қауіпсіздік қызметі Инстаграмда Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың жариялаған видеосынан Михаил Касьяновты өліммен қорқыту белгілерін таппаған.

ПАРНАС оппозициялық партиясының төрағасы Михаил Касьянов Фейсбуктегі парақшасына Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметінің жауабын жариялап, бұл РФ президенті Владимир Путиннің ПАРНАС демократиялық коалицияға және менімен саяси күресті құптайтындығын көрсетеді деп мәлімдеме жасайды.

Алдын ол және оның орынбасары кіші-Владимир Кара-Мурза Касьянвоты снайпермен көздеген видеоға қатысты Шешенстан президентіне қарсы қылмыстық іс қозғауын сұраған болатын. Бейнебаянның тақырыбы "Касьянов Страсбургке Ресей оппозициясы үшін ақша алуға келді" деп аталады. Қадыров астына "Түсінбеген түсінеді!" деп пікір қалдырған.

Оппозиция бұл видеоны өздеріне қарсы төндіріп отырған қауіп деп Тергеу комитеті мен Федералды қауіпсіздік қызметіне шағымданған болатын.

Қаңтар айында Шешенстан президенті Ресей оппозициясын бірнеше рет "халық жауы" және "шакалдар" деп атады.

XS
SM
MD
LG