Ссылки доступа

Лукашенконың бұрынғы жақтасы ұсталды


Беларусь билігі елдегі танымал бизнесмен Юрий Чижді салық төлеуден жалтарды деген күдікпен ұстаған. Кезінде президент Александр Лукашенконың кеңесшісі болған адам соңғы айларда биліктің қырына іліккен.

Кінәсі дәлелденген жағдайда Чиж жеті жылға сотталуы мүмкін. Беларусь мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дмитрий Побяржин Triple компаниясының иесі боп табылатын бизнесменнің тергеу абақтысына қамалғанын мәлімдеді.

2012 жылы кәсіпкер елдегі адам құқығының бұзылуына байланысты Еуроодақтың санкциясына іліккен тұлғалар мен компаниялар тізіміне кіргізілген болатын. Ақпан айында бес жыл бойы күшінде болған санкция тәртібі алынып тасталды. ЕО шешімін Беларусьтегі адам құқығын қорғау саласындағы оң өзгерістермен түсіндірді.

XS
SM
MD
LG