Ссылки доступа

Екі елдің лидерлері Сирия жөнінде телефон арқылы сөйлесті


АҚШ президенті Барак Обама Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, сириялық режим мен оның одақтастарының қақтығысты тоқтату жөніндегі келісімнің қалай жүзеге асып жатқанын талқылады.

Екі елдің лидерлері Путиннің Сириядан әскерді біртіндеп шығаратындығы жөніндегі мәлімдемені талқылап, соғысты толықтай тоқтатып, кикілжіңді шешу үшін қандай қадамдар жасау керектігі жайында әңгімелескен.

Ақ үй мәлімдемесінде президент Обаманың зорлық-зомбылықтар азайып, келіссөз басталғанын құптайтыны жеткізілген. Алайда сириялық режимнің шабуылдауды жалғастырып жатқаны қауіп төндіріп отырғаны айтылған.

АҚШ президенті сонымен бірге Сирияға гумантарлық көмекке жол ашылғанын да белгілі бір алға басушылық деп бағалаған. Алайда Асад режимі әлі де Дарай елдімекеніне толықтай көмек жеткізу үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету керектігін айтқан.

Обаманың сөзінше, саяси өзгерістер Сириядағы зорлық-зомбылыққа толықтай нүкте қою керек.

XS
SM
MD
LG