Ссылки доступа

Путин Сириядан әскерін шығару жөнінде бұйрық берді


Ресей президенті Владимир Путин 15 наурыздан бастап Сириядағы әскердің негізгі бөлігін шығару жөнінде бұйрық берді. Оның мәлімдеуінше, Ресей әскерінің араласуы арқылы Сириядағы экстремистердің азайуына белгілі бір септігін тигізді.

Ол бұл жөнінде 14 наурызда Кремльде қорғаныс және сыртқы істер министрлерімен кездесу кезінде мәлімдеді. Путин сонымен бірге Сириядағы соғысты тоқтатып, бейбітшілік орнатуға Ресейдің белгілі бір септігі тиді деп есептейді.

Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин Сирия президенті Башар Асадқа қоңырау соғып, Ресей шешімін хабарлайды деді.

Соған қарамастан Путин Тартустағы және Хмеймимдегі әскери базалары бұрынғы режимде жұмыс істей беретіндігін мәлімдеді.

Ал қалған әскерлер соғысты тоқтату жөніндегі келісімнің орындалуын бақылайтын болады деп атап өтті.

XS
SM
MD
LG