Ссылки доступа

Терроризммен "өзбекшелеп" күресу. Туыстары жауапты болады!


Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі, милиция, имамдар мен махалла белсенділері радикалды діни сарынмен сотталғандар мен іздеуде жүргендердің туыстары жұрт алдында масқара болып, жауапкершілікке тартылу керек деп есептейді.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері бастаған топ Өзбекстанның барлық аймақтарында Сирия мен Иранда "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының қатарында соғысып жүрген азаматтарға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ташкентте, Әндіжанда, Наманганда, Ферғана мен Ташкент облысытарында өткізген шараларда экстремистер қатарына қосылғандардың туыстарын жұрт алдында масқара болуға лайық деді.

Аталған шара БАҚ арқылы кең таралып жатыр. Телеарналар арқылы сотталғандар мен айып тағылғандардың туыстарын масқаралайтын сөздер айтылып жатыр.

Еске сала кетейік, "Ислам мемлекеті" тобына қарсы шара Өзбекстанда өткен жылдың жазында басталған.

XS
SM
MD
LG