Ссылки доступа

Соғдылық 170 адвокат сыннан өте алмады


Тәжікстан әділет министрлігінің арнайы комиссиясының емтиханынан Соғды облысында отыз адвокат қана сүрінбей өткен. Жалпы емтихан тапсыруға облыстың әр ауданынан 200 ден астам адвокат келген.

Тәжікстанның бар өңірінде өтіп жатқан аттестацияға қатысушылардың сөзінше, сынақ тапсырушылар комиссия мүшелерінің 100 сұрағына жауап беруі тиіс болған. Сауалдар заңнамалық саладан бөлек, саясат, Конституция, Тәжікстанның тарихы мен мәдениеті бойынша да қойылған.

Тәжікстан адвокаттары Одағының төрағасы Саидбег Нуриддинов Соғды облысы бойынша сыннан өткендер санының тым аздығын айтып, арнайы комиссияның келесі емтиханын бұдан көбірек авдокаттардың тапсырып шығатынына сенім білдірді.

Емтиханнан құлаған адвокаттардың бірі екі оттың ортасында қалғанын айтады. Бір жағынан, одан адвокаттық қызметтен бас тартуды талап етсе, екінші жағынан өзі қорғап жатқан адамның туыстары істі ақырына дейін жеткізуді міндеттеп отыр екен. Адвокаттың айтуынша, емтихан кезінде президенттің парламентке жолдауындағы стратегиялық тапсырмалары туралы, Тәжікстан Жоғарғы Кеңесінің 16-сессиясының тарихи жетістіктері жайлы, қандай жағдайда төтенше жағдай жарияланатыны, тіпті Тәжікстанға алғашқы поездің қашан келгені туралы да сұрқтар қойылған.

Халықаралық ұйымдар аттестацияның мақсаты адовкаттарға қысым жасау және билікке ұнамайтындарды шеттету екенін айтады. Соңғы екі жылда Тәжікстанда даулы істермен айналысқан бірнеше адвокат тұтқындалды. Олардың отбасы мүшелері де қамауға алынған оқиғалар бар.

XS
SM
MD
LG