Ссылки доступа

ӘЧ-2018-ге арналған стадионның құрылысы тоқтап қалды


2018 жылы өтетін футболдан Әлем чемпионатына арнап Нижний Новгородта салынып жатқан стадион құрылысындағы 250 ден астам гастарбайтер жалақы төлемегені үшін жұмысты тоқтатқан.

Құрылыстың субмердігері «Ма-На Строй» компаниясы Орталық Азиядан келген еңбекшілерге екі айдың ақшасын бермеген, енді құрылысшылар ақшасыз қаламыз ба деп қорқып отыр.

Әріптестерінің сұрауымен «Озодлик» («Азаттық» радиосының Өзбек редакциясы) радиосына хабарласқан Ұлықбек есімді жұмысшы: «Келісімшарт бойынша олар тек 30 күнге дейін ғана еңбекақыны кешіктіре алады. Сондықтан біз осы айдан бастап жұмысты тоқтаттық. Міне тоғыз күннен бері жұмыссыз отырмыз. 250 шақты өзбек, 10-15 тәжік бар мұнда... Бұл деген әлемдік деңгейдегі жоба ғой», – деп мәлімдеді.

Жұмысшылардың айтуынша, қазір «Нижний Новгород стадионы» спорттық жобасын үш түрік компаниясы атқаруда. Бірақ жалақы тек бір мекемеде ғана кешіктірілуде.

Құрылысшылар жалақының төленбеуіне Ресей мен Түркия арасындағы шиеленістен бұрын, экономикалық дағдарыс себепші деп жорамалдайды. Түркия ресейлік бомбалаушы ұшағын атып түсіргеннен көп ұзамай, Ресе Түркиядан келетін азық-түлік импортына (ең алдымен ежміс пен көкөніске) шектеу қойды. Түріктің құрылыс және туристік компанияларына (кей жағдайды есептемегенде) Ресейде жұмыс істеуге тыйым салынды. Ал ресейлік кәсіпорындарға түрік азаматтарын жұмысқа алуға рұқсат жоқ.

XS
SM
MD
LG