Ссылки доступа

Тәжікстанда туыстық неке мен "жат" есімдерге тыйым салынды


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Отбасылық кодекске түзетулер енгізу жөніндегі заң жобасына қол қойды. Енді бұдан былай туыстық неке мен тәжік мәдениетіне жат есімдерге заңды түрде тыйым салынады.

Бұдан былай Тәжікстанда туыстық некеге заңды түрде тыйым салынды. Енді жас жұбайлар некеге отыру алдында міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. Немере туыстар – аға мен апаларының ұлдары мен қыздары, сонымен бірге сүт ағалы, әпкелілер бір-бірлерімен некелесе алмайды. Парламент депутаттары аталған заңға түзетулерді мамандардың пікірлерінен кейін қабылдағандарын айтады. Медициналық мамандар соңғы кезде Тәжікстанда туыстық некеден мүгедек балалардың көптеп туылып жатқанын айтып, дабыл қаққан болатын.

Қабылданған жаңа заңда тәжік мәдениетіне жат кез-келген есімдерді қоюға да тыйым салынған. Сонымен бірге адамдарды жікке бөлетін "молда", "шейх", "хан" т.б. адам есіміне жалғанатын жалғаулар бұдан былай заңсыз болып саналады.

Жылдың басында Тәжікстан үкіметі жанындағы Тілдер және терминология комитеті тәжік есімдерінің біріңғай үлгісін құрап шығарған. Жаңа туған нәрестелерге енді тек сол тізімнен ғана ат қояды. Алайда заң Тәжікстанда тұратын өзге ұлт өкілдеріне дәстүрлеріне сәйкес ат қоюға рұқсат береді.

XS
SM
MD
LG