Ссылки доступа

Қырғыз балуандары Астананы бағындыруға келеді


Бүгін Қырғызстанның әйелдер арасындағы еркін және грек-рим күресі бойынша спортшылары 2016 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін Астанаға келеді.

Азиялық квалификациялық турнир 18-і мен 20 наурыз аралығында Астанада өтеді. Жарыс жеңімпаздары Олимпиада ойындарына лицензия алады. Барлығы 36 жолдама ойналады.

Еске сала кетейік, бүгінде Қырғызстан қоржынында Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына 4 жолдама бар. Оларды жеңіл атлетикадан Дарья Маслова, Юлия Андреева мен Мария Карабицкая және грек-рим күресінен Арсен Эралиев жеңіп алған.

Қырғыз паралимпиадашылары Калиев Эсен мен Орозбаев Жыргал да пауэрлифтинг бойынша жолдама алды.

XS
SM
MD
LG