Ссылки доступа

Террористің Норвегия үкіметіне қарсы шағымы бойынша сот басталды


Бүгін Норвегия сотында Осло орталығында жарылыс ұйымдастырып, 77 адамның өліміне себепші болды деп 21 жылға бас бостандығынан айырылған террорист Андерс Брейвик сөйлеуі тиіс.

Бұл жолы жаппай адам өліміне себепші болған Андерс Беринг Брейвик сотта шағымданушы ретінде сөйлейді. Оның адвокаттары қорғалушыларына немқұрайды қарайды деген пікірде. Брейвик 2011 жылы Осло орталығында жарылыс жасап, сосын Утойя аралындағы жастар ұйымы лагерінде оқ атып, 77 адамды өлтірген.

Брейвик 2012 жылы оған 21 жыл түрме жазасын кескеннен кейін, бірінші рет көпшілік алдына шықты. Оны сот залына әкеліп, қолындағы кісенді шешкенде, ол нацистік белгіде сәлем көрсетті. 37 жастағы Брейвик Норвегия үкіметі өзін жалғыз адамдық түрмеге отырғызып, адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенцияның екі бірдей шартын бұзып отыр деп есептейді. Прокуратура болса, бұл айыптарды қабылдамайды.

XS
SM
MD
LG