Ссылки доступа

Жезөкшелермен көңіл көтерген арнайы қызмет өкілдері ұсталды


Ташкентте мемлекеттік резиденция аумағында зәуілім үйді көңіл көтеру үшін пайдаланған прокуратура, арнайы қызмет және өзге де күш құрылымдарының қызметкерлері ұсталды.

Uzmetronom интернет-басылымының хабарлауынша, Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі "қара маска" киіп, Ташкент орталығындағы "Түркістан" мемлекеттік резиденцияның аумағына рейд жүргізген.

Арнайы операция барысында мемлекеттік резиденция аумағындағы зәулім үйде жеңіл жүрісті келіншектермен көңіл көтеріп жатқан прокуратура, арнайы орган қызметкерлерінің ұсталғандығы жазылған. Интернет-басылымның мәліметі бойынша, зәулім үйді жалға алып, сексуалды қызмет көрсетуді ұйымдастырған адамдар да ұсталған.

Барлығы 32 адам республиканың ішкі істер министрлігіне жеткізілген. Uzmetronom сайтының сенімді дереккөзі бойынша, олар түсініктеме берген деп жазады интернет-басылымның бас редакторы Сергей Ежков.

XS
SM
MD
LG