Ссылки доступа

Брюссельде полиция мен террорға күдіктелгендер атысты


Бельгия билігі былтырғы жылдың қарашасында Парижде болған террорлық шабуылды ұйымдастырды деп күдіктелген Салах Абдесаламды іздеу операциясы кезінде атыс болғанын хабарлады.

Брюсселдің оңтүстігіндегі қалашықтағы үйге кірмек болған полиция қызметкерлерін бір немесе бірнеше адам оқпен қарсы алған.

Бес сағаттан соң ғимаратқа кірген тәртіп сақшылары Калашников автоматымен қаруланған күдіктіні атып өлтірген. Прокуратура өкілі іздеудің жалғасып жатқанын хабарлады. Төрт полицей жарақат алған. Елде былтыр қараша айында Парижде 130 адамның өмірін қиған террорлық шабуылды ұйымдастырушыларды іздеу және ұстау шарасы өтіп жатыр. Бұл террорлық шабуылды "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының мүшелері мойындарына алған еді.

Бельгиялық полицейлер іздестіріп жатқан Салах Абдеслам мен оның жақтасы Мохамед Абрини осы қанды қырғынды ұйымдастырушылар боп есептеледі. Және Брюссельдің Молинбик ауданында тұрады деп саналатын олар әлі ұсталмады. Бұған дейін бельгияда 11 адам ұсталып, оларға Париждегі қырғынға қатысты деген айып тағылған, тағы сегіз адам сот шешімін күтіп отыр.


XS
SM
MD
LG