Ссылки доступа

Трамп пен Клинтон алдын ала сайлауда маңызды жеңіске қол жеткізді


Республткалық партияның өкілі Дональд Трамп пен демократтар үкілеген Хиллари Клинтон Республикалық және Демократиялық партиялар атынан АҚШ президенттігіне үміткерлер арасындағы басымдықтарын тағы мәрте көрсетті.

Миллиардер Дональд Трамп Флорида штатында республикалықтардың 46 пайыз даусын жинап, 27 пайыз қолдауға ие болған үзеңгілесі сенатор Марко Рубиодан басым түсті. Флоридада жеңілген Рубио президенттікке үміткер үшін күресті тоқтататынын мәлімдеді. Дональд Трамп сонымен бірге Иллинойс, Солтүстік Каролина штаттарында да басым түсіп, азғана ұпаймен Миссуриде алға шықты. Огайодағы алдын ала сайлауда штаттың губернаторы Джон Кейсик жеңіске жетіп, Республикалық партия атынан президенттікке үміткерлік үшін күресті жалғастыратын болды.

Хиллари Клинтон Огайо, Флорида және Солтүстік Каролинада ең көп қолдауға ие болды. Ол Иллинойс штатында бақталастарынан сәл басым түсіп, қарсыласы Берни Сандерске дауыс санау жалғасып жатқан Миссуриде жол берді.

Сейсенбі күнгі алдын ала сайлаудың нәтижесі Хиллари Клинтонның Демократиялық партия атынан президенттіке үміткер атануға мүмкіндігі зор екенін көрсетті. Ал Дональд Трампқа Республикалық партияның атынан президент сайлауына қатысу үшін әлі 1237 сайлаушының қолдауына ие болу керек.


XS
SM
MD
LG