Ссылки доступа

Амаль Клуни: Мен Хадиджи Исмайлованың босатылуына күш саламын


Жақында адам құқығы жөніндегі Еуропалық сотта Исмайлованың құқығын қорғаушылардың қатарына қосылған танымал халықаралық құқық қорғаушы Амаль Клуни сотталған әзірбайжан журналисі бостандыққа шықпайынша тыным таппайтынын мәлімдеді.

Клуни журналистке қарсы қозғалған істің саяси астарын барын айтты. Мұның бірінші кезекте Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен оның отбасы мүшелеріне қатысты жемқорлыққа байланысты зерттеуді тоқтату үшін жасалғанын мәлімдеді.

«Мен бүтін мемлекет өзіне қарсы тұрған жалғыз журналистке ара түсуіміз керек деп санаймын. Үкімет билікті пайдалана отырып Хадиджа секілді журналистердің және билікті сынаушылардың үндерін тұншықтырғысы келеді», - деді Клуни.

Хадиджа Исмайлова жемқорлықты әшкерелеген көптеген журналистік зерттеулерімен танымал. 2014 жылдың желтоқсанында Бакуде тұтқындалған журналистің ісін оның жақтастары саяси астары бар тапсырыс деп санайды. былтыр қыркүйекте Баку соты оны жеті жарым жылға соттады.

XS
SM
MD
LG