Ссылки доступа

Душанбе орталығында "Opel" көлігі аяқ астынан жанып кетті (видео)


Тәжікстанның ішкі істер министрлігі Душанбедегі Айни даңғылында "Opel" көлігінде жарылыс болды деген ақпаратты жоққа шығарады. Көлік электр сымдарының матасуынан жанып кеткен.

Министрліктің дәйегі бойынша, Душанбе қаласының Клара Цеткин көшесінде тұратын, 1984 жылы туған Шарифов Баходурге тиесілі "Опель-Вектра" автокөлігі техникалық қауіпсіздікті сақтамауы салдарынан, электр сымдары матасып, оталдырғышы жанып кеткен. Нәтижесінде көлікке зақым келген, бірақ ешкім зардап шекпеген, жарақат алмаған.

Көліктің жүргізушісі Баходур Шарифов Озоди радиосына берген сұхбатында көлігінің не себептен жанып кеткенін түсіндіре алмайтынын айтты.

"Мен көліктен шыққан кезде оталдырғышты өшіріп кеткенмін. Бірақ қайтып келсем, осындай жағдай орын алды" - деді ол.

"Опель" сгорел в Душанбе
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:43 0:00

XS
SM
MD
LG