Ссылки доступа

Обама Путинмен сөйлесу кезінде Савченконы босатуға шақырды


АҚШ президенті Барак Обама Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесу кезінде ресейлік тергеу абақтысында отырған украиналық ұшқыш Надежда Савченконы босатуға шақырды.

Бұл жөнінде "Интерфакс" АҚШ-тың Мәскеудегі елшісінің баспасөз хатшысы Уилл Стивенске сілтеме жасап хабарлайды. "Обам Путинді Минск келісіміне сәйкес, Савченконы және өзге де заңсыз ұсталғандарды босатуға шақырды", – деп агенттік америкалық дипломаттың сөздеріне сілтеме жасайды.

Әңгіме 14 наурызда орын алған екі ел басшыларының телефон арқылы сөйлесулері жайында болып отыр. Осы күні Путин Сириядағы әскерінің жартысын шығаратынын жариялаған еді.

21-22 наурызда Ресейдің Ростов облысы, Донецк қалалық соты ресейлік журналистерді өлтірді деп айыпталып отырған украиналық ұшқыш Надежда Савченкоға қатысты үкім шығарады. Ол кінәсін мойындамайды. Мемлекеттік айыптаушы Савченконы 23 жылға түрме жазасына кесуді сұрады. Ал қорғаушы тарап оның толықтай ақталуын талап етеді. Бұл күндері Украина, Ресей мен әлемнің өзге елдерінде Савченконы босатуды талап еткен бейбіт акциялар өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG