Ссылки доступа

Түркіменстан президенті Пәкістанда TAPI жобасын талқылайды


.

.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов Пәкістанға екі күндік сапармен келді. Сапар барысында Түркіменстан газын Ауғанстан мен Пәкістан арқылы Үндістанға тасымалдайтын газ құбыры жобасы талқыланады деп күтіледі. TAPI атымен танымал жоба аймақтардың энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған.

Гурбангулы Бердымухамедовті Исламабадта Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф күтіп алды. Бұл Түркіменстан президентінің сирек сапары Ресейдің түркімен газынан бас тартуынан кейін маңызды кездесулердің бірі ретінде қарастырылып отыр.

Жобаға қатысушы төрт елдің лидерлері өткен жылы желтоқсан айында Түркіменстанның Мары қаласындағы газ құбыры жобасы құрылысының басталу салтанатына қатысқан болатын. Наваз Шариф 2013 жылы Пәкістанның премьер-министрі лауазымын қайта иемденгеннен кейін, бұл жобаны жүзеге асыруды қолға алды. Пәкістанның энергияға толыққанды қол жеткізу мүмкіндігі оның сайлауалды кампаниясының басты міндеттерінің бірі болатын.

XS
SM
MD
LG