Ссылки доступа

Тәжікстан Қырғызстанға 1кВт/с 3,2 цент болатын электр энергиясын ұсынады


Өткен жылдың соңғы тоғыз айында Тәжікстан Қырғызстанға бір киловатт сағаты 2,5 центтен 150 миллион кВт/с электр энергиясын қамтамасыз еткен.

Енді бұл жылы Қырғызстанға тағы да электр энергиясын импорттауға тура келеді. Бүгінде Қазақстан және Тәжікстанмен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде Қырғызстан парламентінде Энергияхолдинг басшысы Айбек Калиев мәлімдеді. Оның сөзінше, биыл Қырғызстанға 650 млн кВт/с электр энергиясы қажет.

"Келіссөздер жүріп жатыр. Биылғы жылы өкінішке қарай, бағаны қымбат ұсынып жатыр. Өткен жылы киловатт сағатына 2,5 центтен алдық, енді осы жылы 3,2 центтен ұсынады. Себебі Тәжікстан дәл осындай бағамен Ауғанстанға энергия тасымалдайды. Келіссөздер әлі жалғасып жатыр. Егер бағаға қатысты ортақ шешімге келетін болсақ, онда осы бағыт бойынша жұмыс істейміз", – деді Калиев.

Ол сонымен бірге Қазақстан да бағаны көтергенін хабарлады. Бірақ нақты қанша ақша сұрап отырғанын айтпады.

XS
SM
MD
LG