Ссылки доступа

Нұрәлі Әлиев қызметінен өз еркімен кететінін мәлімдеді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, қызы Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиев 2014 жылдың желтоқсан айынан бері отырған Астана әкімінің орынбасары қызметінен өз еркімен кететінін мәлімдеді.

"Көптеген жылдар бойы мен бизнесте жұмыс істедім. Қаржының жаңа көзін ашу, компанияның экономикалық потенциалын дамыту бұл менің жаным қалайтын іс. Сол себептен мен Астана әкімінің орынбасары қызметінен өз еркімен кеттім. Енді бизнес әлемінде өзімнің сүйікті ісіммен айналысамын", - деген Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

Батыста және Қазақстанда білім алған 31 жастағы Нұрәлі Әлиев "Нұрбанктің" басқарма басшысы, "Қазақстан даму банкінің" басқарма басшысының орынбасары, "Транстелеком" компаниясының басқарма басшысы қызметтерінде істеді.

Оның анасы Дариға Назарбаева елдің вице-премьері, әкесі Рахат Алиевтің денесі 2015 жылдың ақпан айында Вена түрмесінде асылып қалған күйінде табылған. Онда ол "Нұрбанк" ісі бойынша тұтқында отырған.

XS
SM
MD
LG