Ссылки доступа

Чехия Қырғызстанда СЭС салмақ


Қырғызстан парламентінің спикері Асылбек Жээнбеков Чехиямен Қырғызстанда СЭС салу туралы алдын ала келісім жасалғанын мәлімдеді.

Жээнбеков бұл туралы Бішкекте Чехия парламент депутаттары палатасының төрағасы Ян Гамачекпен бірлескен келісімге қол қойған соң айтты. Жээнбековтің сөзінше, Чехия компаниялары Қырғызстанда жалпы құны 190 миллион доллар болатын екі шағын су электр стансасының құрылысына қаржы құюға дайын екендерін білдірген. Гамачек кеше Бішкекте өткен қырғыз-чех бизнес өкілдерінің форумына қатысқан еді.

Былтыр желтоқсан айында Тоқтағұл СЭС-дағы апаттыөқ жағдайдан соң Қырғызстан Қазақстаннан электр қуатын сатып алу туралы келіссөз жүргізді. Қаңтарда Ресейдегі нашар экономикалық жағдайға байланысты Қырғызстан мен Ресей Қамбар ата СЭС-1 және Жоғарғы Нарын сарқырамасындағы СЭС құрылысын салу туралы келісімді бұзған болатын.

XS
SM
MD
LG