Ссылки доступа

Президент Атамбаев Ақсый оқиғасының құрбандарына құрмет көрсетті


Ақсый ауданының Бозпиек ауылында 2002 жылғы қанды оқиғалардың 14 жылдығына байланысты еске алу шаралары өтуде. Оған президент Алмазбек Атамбаев бастаған билік өкілдері мен 500-ден астам жергілікті тұрғын қатысуда.

Президент Атамбаев өмірлерін қатерге тікке ақсыйлықтар халықтың болашағы мен еркіндігі үшін күресте ерлік көрсеткенін айтты. Бұл оқиғалар елдегі еркіндік үшін жолдың басы болды.

Ауыл тұрғындары қырғыздың жаңа тарихында бұл оқиғаға тарихи бағаның әлі берілмегенін президенттің есіне салды.

2002 жылдың 17 наурызында сол кездегі президент Ақаевты "қытайға жер беру мәселесінде табансыздық танытқанын" сынаған депутат Әзімбек Бекназаровты түрмеден босатуды талап еткен ауыл тұрғындары жаяу шеруге шықты. Ақсый ауданындағы Бозпиек мекенінде милиция мен тұрғындар арасында қақтығыс болды.

Милиционерлердің атқан оғынан кей дерек бойынша, 30-дан астам адам жараланған, бесеуі өліп, жүзден астамы азапталған. 50 шақты адам осы оқиғадан соң мүгедек боп қалды.

XS
SM
MD
LG