Ссылки доступа

АҚШ "Ислам мемлекетін" геноцид үшін айыптайды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри "Ислам мемлекеті" экстремистік тобын езидтер, христиандар мен шииттер секілді ұлт пен ұлыстарға қарсы геноцид ұйымдастырды деп айыптады.

Керри бұл туралы Мемлекеттік департаменттегі арнайы брифингінде мәлімдеді.

Мемлекеттік хатшы ИШИМ-нің осы топтарға, ал кей жағдайларда сүнниттер, күрдтер және өзге де халықтарға қатысты этникалық тазалау саясатын жүргізгені үшін адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыпталатынын мәлімдеді.

Керридің пікірінше, текетірестің жалғасып жатқанына және ИШИМ-нің не істеп жатқанынан толық хабардар болу мүмкіндігінің жоқтығына қарамастан, бұл ұйымның зорлық-зомбылық сипаты туралыы сеніммен айтуға болады.

Керрри ИШИМ-ді жай жеңіп ана қою жеткіліксіз деп санайы, оның орнына жаңа ұйым пайда болуы мүмкін. "Біз экстремистерді олар мәңгі бас көтермейтіндей қылып жеңгіміз келеді", – деді Керри.

XS
SM
MD
LG