Ссылки доступа

АҚШ Сирияның солтүстігіндегі "федерацияларды" мойындамайды


АҚШ мемлекеттік департаменті Құрама Штаттардың Сирия аумағындағы "өзін-өзі басқарушы аудандарды" танудан бас тартатынын мәлімдеді.

Бірер күн бұрын күрд партиялары Сирияның солтүстігіндегі өздеріне қарасты аумақтарда "федеративті құрылым" құратындарын жариялаған еді.

Мемлекеттік депаратамент өкілі Джон Кирби АҚШ Сирияның біртұтастығын қолдайтынын баяндады. Мәлімдемеде Вашингтон Сириядағы өзін-өзі басқаратын жартылай автономиялы өңірлерді қолдамайтыны туралы ашық айтылған.

Сириялық күрдердің мәлімдемесіне Сирия үкіметі де, батыс елдері қолдайтын оппозициялық Ұлттық коалиция да қарсы шықты.Түркия өкілдері күрд партияларының сыңаржақ саясатын қабылдауға болмайтыны туралы мәлімдеме жасады.

Сирияда соғысып жатқан күрд саяси күштері БҰҰ аясында өтіп жатқан Женева келісімдеріне жіберілмеді. Келіссөздерге қатысушылар бұл шара Сириядағы дағдарысты саяси жолмен шешуге, бесжылдық азамат соғысын тоқтатуға көмектеседі деп үміттенеді.

XS
SM
MD
LG