Ссылки доступа

Тәжік дикторы ұлының өлімі үшін өтемақы талап етеді


Лубат Бурхонова рассказывает историю гибели своего сына
Лубат Бурхонова рассказывает историю гибели своего сына

Тәжік телеарнасының бұрынғы дикторы Лубат Бурхонова арада жеті жыл өткеннен кейін, ұлының өлімі үшін Тәжікстанның әділет министрлігінен 334 950 (42,5 мың АҚШ доллары көлемінде) сомони көлемінде өтемақы талап етеді.

Оның жалғыз ұлы Дилшодбек Муродов 2009 жылы түрмеде қайтыс болған.

Адам құқықтарын қорғау жөніндегі тәуелсіз орталықтың директоры Шоира Давлатова Бурхонованың шағымы Исмоили Сомони атындағы аудандық сотқа жеткізілгенін мәлімдеді.

Оның сөзінше, Лубат Бурхонова талап етіп отырған 42,5 мың АҚШ доллары жалғыз ұлының өлімі үшін моральдық және физикалық шығын ретінде қарастырылған. Бұл соманы Адам құқықтарын қорғау жөніндегі тәуелсіз орталықтың сарапшылары анықтап берген. Лубат Бурхонованың отбасындағы жалғыз асыраушыдан айырылғанын да есепке алған.

Дилшодбек Муродов есірткі тасымалымен айналысты деген айыппен 6 жыл бас бостандығынан айырылып, жазасын №3/1 түрмесінде өткізген. 2009 жылдың тамыз айында Дилшодбек Муродов соққының салдарынан ес-түссіз күйінде түрменің санитарлық бөліміне жеткізілген. Ол өзіне келмей, қайтыс болған.
Прокуратура бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғаған. Бірақ Бурхонованың ұлының өліміне себепкер болғандар жазаланбады.

XS
SM
MD
LG