Ссылки доступа

Мұнай бағасы биылғы жылдың ең жоғарғы көрсеткішіне жетті


17 наурызда АҚШ-та өндірілетін мұнай бағасы төрт жарым пайызға көтеріліп, барреліне 40 доллар 20 центті құрады. Бұл – 2015 жылғы 3 желтоқсаннан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Бағаның өсуін АҚШ-та бензинге деген сұраныстың артуымен байланыстырады. Сонымен бірге 17 сәуірде Катарда мұнай өндіретін Сауд Арабия, Ресей секілді жетекші елдер соңғы 15 жылда бірінші рет кездесіп, мұнай өндірудің көлемін қысқарту жөнінде талқыламақшы.

Мұнан басқа, АҚШ-та қатпарлы мұнайды өндіруді қысқартты. Мұнай бағасының өсуіне тағы бір себеп болып отырған АҚШ-тың орталық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерін көтермеу жөніндегі шешімі. Мөлшер төмен болған сайын, доллар құнсызданады. Ал арзан доллар мұнай бағасының өсуіне себепші болады.

XS
SM
MD
LG