Ссылки доступа

Қырғызстанда тариф бағаларын төмендетуді талап еткен митинг өтті


Қырғызстанның Тоқтағұл қаласында электр энергиясына тарифті төмендетуге және Узун-Акмат алтын кенішін қазуға қарсы жергілікті халықтың митингісі өтті. Бұл жөнінде Орталық Азия жаңалықтар қызметіне митингіге қатысушылардың бірі Миргазы Озубеков мәлімдеді.

Оның сөзінше, жергілікті халық биліктен өзінің бағасына сай электр энергиясын ұсынуын сұрайды.

Тоқтағұлдықтар бұл өздері өткізіп жатқан бірінші акция емес екенін айтады. 1998 жылы Тоқтағұл ауданы мен Жазы-Кечүү ауылына ерекше мәртебе берілген. Оған сәйкес жергілікті тұрғындарға электр энергиясын өзінің бағасымен береді. 2011 жылы сол кездегі премьер-министр Алмазбек Атамбаев заңға өзгерістер енгізген. Қазіргі кезде үкімет заңды орындамай, 115 мың тұрғынның құқығын бұзып отыр дейді жергілікті халық.


Наразы халықпен аудан әкімі Майорбек Сатымкулов кездекен.

Сонымен бірге тұрғындар Узун-Акмат кеніші 50-жылдары қазылғанын, бірақ ол жерден уран шыққаннан кейін, қайта жауып тастағанын айтады. Ал ресми ақпарат бойынша, аталған 18 гектар кеніште 69 килограмм алтын қоры бар.

XS
SM
MD
LG